«АҚШ Солтүстік Кореялықтардың өмірін жақсартуға дайын»

0
133
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуы бойынша, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартса, Америка Солтүстік Кореялықтардың өмірін едәуір жақсартуға дайын.
Майк Помпео: Егер біз ядролық қаруды жоюға қол жеткізсек, АҚШ КХДР халқының өмірін жақсартуға бағытталған көптеген қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алады.
Помпеоның пікірінше, Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын америкалық технологияларды КХДР халқының құндылығы ретінде бағалайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін КХДР Вашингтон мен Сеулдегі бірлескен әскери жаттығуларға байланысты Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы кездесуден бас тартамын деп сес көрсеткен. Сондай-ақ, КХДР Оңтүстік Кореямен 16 мамырда келіссөздер жүргізуден бас тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз