Дүлей дауыл салдары: 7 емхананың төбесі, 2335 метр қоршау құлаған

0
131
әлеуметтік желі

Кешегі дүлей дауыл салдарынан қала бойынша ірі қираулар жоқ, 24 тұрғын үйдің қасбетіне зиян келген, 7 әлеуметтік нысанның шатыры (мектеп, аурухана және балабақша) жұлынып, желге ұшып кеткен, 8 ағаш пен 2335 метр қоршау құлаған, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аяқ астынан құбылған ауа райынан 10 адам медициналық көмекке жүгінген. Бір тұрғын № 1 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды, тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.

Кеше Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді. Әсет Исекешев аурухана, мектеп, балабақша, тұрғын үй сияқты әлеуметтік нысандарды ерекше бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын қырағы болуға, ауа-райына қатысты ақпараттардан хабардар болуға, көшеде ағаштар мен билбордтардан, ескі ғимараттар мен электр сымды жүйелерден алшақ жүруді ескертеді. Құрылыс нысандарына қолайсыз ауа-райы жағдайында халықтың қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік шараларын жасауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын құрылыс нысандарында қолайсыз ауа-райы кезінде тоқтатуды сұрайды.

23 мамырда Астана мен бірқатар аймақтарда қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланғанын “Қазгидромет” хабарлайды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз