Оралу
Оқиға Мемлекеттік күзет қызметінде жаңа басшы
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Орынтайұлы Оразқұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындады.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.