Газа секторындағы наразылықтар тыйылар емес

0
113

Газа секторында 9 апта бойы жалғасып келе жатқан наразылық шеруі тыйылар емес. Жұма күні 1500-ден астам адам қатысқан ереуілде 100-ден астам палестиналық зардап шекті.

Бұл туралы РИА Новости жергілікті денсаулық сақтау министрлігініне сілтеме жасап хабарлайды.


25 мамырда Газа секторындағы наразылықтар

Израиль денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «Газа секторындағы наразылық шерулерінің тоғызыншы аптассының нәтижесінде 109 палестиналық азамат түрлі жарақаттар алды», деп мәлімдеген.

Еске саламыз, Газа секторындағы наразылық шерулері «Қайта оралудың ұлы жолы» атауымен 9 аптадан бері жалғастырылып келеді.

Газа секторындағы палестиналықтар

Палестина дәрігерлерінің есептеулеріне сәйкес, 30 наурыздан бері 115 Анклавтұрғыны көз жұмды, аймақтың 13.3 тұрғыны оқтың және газдың салдарынан зардап шекті, олардың 300-і ауыр халде.

Бұған дейін Израильдің Иерусалимдегі министрі Зейв Элкин Газа секторындағы наразылықтардың негізгі мақсаты Израильмен шекараны бұзу екенін мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз