Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысын ауыстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылыды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшылығына елбасының өкімімен Қайрат Иматұлы Сұнтаев тағайындалды.
Сондай-ақ, Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.