«Қазақстанды дүние жүзіне таныту жұмысы маған бұйырды» – Назарбаев

0
120

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев университетінің түлектеріне диплом табыс етуге арналған салтанатты шара барысында университет түлектеріне парасатты ақыл-ойын айтып, тәуелсіз елдің өркендеуі үшін еңбек етуді тапсырды.

Мен сіздердің барлықтарыңыздың үлкен жетістіктерге жеткілеріңіз келетінін білемі. Меніңше алда өз мақсаттарыңызға жетесіздер. Маған тәуелсіз Қазақстанды құру бұйырды. Егемен елімізді құрдық, қатарға енгіздік. Қазақты дүние жүзіне таныту жұмысы менің мойныма асылды. Мемлекетті құру экономикасын көтеру, оның үстіне қазақтың тарихында тұңғыш рет өз шешімімен өз астанасын тұрғызуға қолда мүмкіншілік болды. Біз оған да атсалыстық. Міне Астананың 20 жылдығын атап өтейік деп отырмыз. Осындай университет салғызып, мынанша түлек даярладық. Ең болмаса маған ұқсап бірдеңе істеңдер.

Осы орайда Мемлекет басшысы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып жастардың қазіргі бастамаларын табысты іске асыратынына сенім білдірді.

Қазіргі жастар – жаңарған Қазақстанның өкілдері, жаңа формацияның ұрпағы. Бүгінгі бастамаларды сендер іске асырасыңдар. Сендердің ақыл-ойларың, креатив пен энергияларың – табысты болашағымыздың кепілі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Сендерге біраз қиындықтардан өтуге тура келеді. Бірде жеңесіңдер, бірде жеңілесіңдер. Адамға бірде сенесіңдер, бірде көңілдерің қалады. Оның бәрі – өмір. Мен осының бәрін көргеннен кейін айтып отырмын. Өздеріңе сеніңдер, туған жерлеріңе, ой-идеяларыңа сеніңдер. Содан қуат аласыңдар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз