АҚШ президенті Дональд Трамп 5 маусым Ақ үйде мұсылмандардың қасиетті айы Рамазанға орай ауызашар бермек. Бұл туралы америкалық БАҚ президент әкімшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
New York Times таратқан ақпарға сәйкес, ауызашар сәрсенбі күні беріледі. Ақ үй аталған кешке шақырылғандар тізіміне қатысты әзірге ақпар бермеді.
Өткен жылы АҚШ президенті Ақ үйде ауызашар бермеген еді.
Сафина Саид