Австрия билігі елдегі мешіттерді жапты

0
117
дереккөзден

Австрия билігі елдегі 7 мешітті жауып, 40 түрік имамын еліне қайтару туралы қаулы шығарды. Бұл туралы 8 маусымда DPA агенттігі хабарлады.

Австрия канцлері Себастьян Курц мешіттердің жабылу себебін саяси исламмен күрес мақсатында жүргізіліп жатқандығымен түсіндірді. Австрияның дін істері бойынша ведомствасы ел аумағынан шығарылған дін өкілдері шет мемлекеттерден ақша алғандығын, ал бұл өз кезегінде Австриядағы исламға қатысты заңға қайшы екендігін айтады.

Заңның басты авторларының бірі С. Курц аталған заңның мақсаты – Австриядағы мұсылмандардың құқығына кепілдік беру, сондай-ақ елдегі мұсылмандар шет мемлекеттердің қамқорлығынан ада болатындай жағдай жасау екендігін алға тартты, деп жазады ORF. Аталған заң 2015 жылы қабылданды.


Желтоқсанда Австриядағы биліктегі партия мен басшысы С. Курц Үкіметпен бірлесе отырып, мигранттарға қатысты заңды күшейткен еді. Қатаңдатылған миграциялық саясатқа сәйкес, неміс тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген мигранттарға берілетін әлеуметтік көмек алынып тасталды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз