Қытайлық хакерлер АҚШ теңіз күштеріне қатысты құпияны қолды еткен

0
83

Қытай билігінің бақылауындағы қытайлық хакерлер АҚШ-тың су астында майдан жүргізуге дайындығына қатысты ерекше құпия сақталған ақпараттарының басым бөлігін қолды еткен. Бұл туралы 8 маусымда The Washington Post хабарлады.

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, хакерлер 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік іс-шаралары ғылыми-зерттеу орталығындағы (Naval Undersea Warfare Center) келісімшарттардың бірін қолды еткен.

Кибер шабуыл салдарынан, АҚШ-тың «Теңіз айдаһары» (Sea Dragon) құпия жобасына қатысты ақпардың 614 гигабайты ұрланған. Қолды болған ақпараттар қатарында радио байланыс және радио электронды құрылғылармен күресті шифрлау жүйелері бар.

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, деректердің жасырын сипатына қарамастан, олар мердігердің жасырын емес желісінде орналасқан.

Қытай айыптауды жоққа шығарды

Кибер шабуылға қатысты тергеу ісін АҚШ-тың Федералды Тергеу Бюросы жүргізуде. The Washington Post бюро мүшелері әзірге жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмегендерін алға тартты. Өз кезегінде, dpa ақпарат агенттігінің жолдаған сауалына Қытай үкіметі аталған хакер шабуылдарға қатысты Бейжіңнің бейхабар екендігін айтқан.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз