Никарагуада 135 адам наразылық акциясында қаза тапты

0
83
AP Photo

Никарагуадағы бұқаралық наразылық салдарынан 135-ке жуық адам қаза тапты. Бұл туралы жұма күні Prensa Libre Никарагуадағы адамдар құқықтары бойынша орталыққа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бейсенбіде ел президенті Даниэль Ортега Епсикоп конференциясы мүшелерімен кездесіп, мемлекетті демократияландыру туралы мүшелердің өтінішін електен өткізетіндігін мәлімдеген еді.

Никарагуда наразылық акциялары 18 сәуірден бастап жалғасуда. Наразылыққа шыққандар ел президентін жемқорлық пен авторитарлық режимде айыптауда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз