Рим папасы АҚШ-КХДР саммиті үшін дұға жасады

0
236

Рим папасы басқарған 20 мың дін жолындағы адам жексенбіде Америка Құрама Штаттары мен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі сәтті өтуін және бейбітшілікке бастар жолға жетуін тілеп дұға жасады, деп хабарлайды Еuronews

Рим папасы Франциск халыққа жолдаған уағызынан кейін «Мен өзімнің сүйікті кәріс халқына достық сезімімді тағы бір рет білдіргім келеді, және алдағы уақытта Сингапурда өтетін келіссөздер корей түбегі мен әлем үшін бейбіт болашаққа кепілдік беретін қолайлы жолды дамытатын кездесу болсын», деді.


Еске саламыз, Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы АҚШ-КХДР саммиті үшін Сингапурға келіп тоқтады.

Келіссөздер ертең, 12 маусымда қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан Сентоса курорттық аралында өтеді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз