Ресейден импортталатын жанар-жағармайға тыйым салынады

0
75

Апта соңында ресейлік АИ-92 маркалы жанар-жағармайды теміржол арқылы Қазақстанға әкелуге тыйым салатын құжатқа қол қойылмақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Қанат Бозымбаев: Ресейлік АИ-92 маркалы бензинін үш ай Қазақстанға импорттауға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойғалы жатырмыз. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдардағы үйлестіру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Министр Ресейдің қазақстандық тараптың аталған шешіміне түсіністікпен қарағанын және мұндай шешім Қазақстанда жанар-жағармай қоры жеткілікті болғандықтан қабылданғанын айта кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз