Түркістанда әуежай мен жаңа сапаржай салынады

0
180
дереккөзден

Туризмді дамыту мақсатында Түркістан қаласында әуежай мен жаңа сапаржай салынады. Облыс орталығына айналған қаланы дамыту жоспарымен облыс әкімі Ж. Түймебаев Түркістан облысы мәслихатының 25-ші сессиясында бөлісті.

Облыстың баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, сессия барысында «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар және «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселелері қаралды.

Түркістанның облыс орталығы болуы барлығымызға үлкен міндет жүктейді. Түркістан – түркі дүниесінің орталығына айналады, халықаралық маңызы артады. Ол үшін облыс орталығында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, мәдени нысандар, спорт кешендері, сауда орталықтары салынады. Халықаралық дәрежедегі ғылыми, діни, мәдени форумдар мен симпозиумдар өтеді. Туризм саласын түлету үшін Түркістан қаласында жаңа әуежай, мен автовокзал салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ескі темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Ауыл шаруашылығында интенсивті бау сынды жобалар қолға алынып, өнеркәсіп өнімі артатын болады, – деп мәлімдеді Ж. Түймебаев.

 

Түркістан облысы осы жылдың 19 маусымында мемлекет басшысының бұйрығымен құрылды. Аталған бұйрыққа сәйкес, бұрын қала орталығы болған Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусына ие болды. Түркістан облысының әкімі болып бұрын Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Түймебаев сайланды. Түркістан қаласының әкімі болып Әліпбек Өсербаевтың сайланғанын қаланың баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз