Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
93

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Түркістан қалалық мәслихатының келісімімен Түркістан қаласы әкімі болып Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс басшысы қала активімен өткізілген бас қосуда облыс орталығы болып Түркістан қаласының бекітілуімен құттықтап, қала басшысын таныстырды.


Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер-химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған.

1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, «Қуат Суиндустрия» АҚ, «KazakhConstruction Industry» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз