Әбдірахманов Помпеоны Қазақстанға шақырды

0
78

28 маусымда Cыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов АҚШ мемлекеттік хатшысы М. Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Н. Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылуын қанағатты деп атап өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

“Трамп Қазақстанмен әріптестікті жоғары бағалайды”

Өз кезегінде М. Помпео Қазақстан президентінің сапарының маңыздылығын айрықша атап өтіп, АҚШ президенті Д. Трамп Вашингтонда қол жеткізілген уағдаластықтарды және Қазақстанмен екіжақты әріптестікті дамытуды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Солтүстік Корея, Ауғанстан, өзара ынтымақтастық – күн тәртібінде

Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.Түрлі деңгейдегі екі жақты байланыстардың, оның ішінде халықаралық форумдар аясындағы кестесі қарастырылды.

Қазақстан СІМ және АҚШ мемлекеттік хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пайымды пікір алмасты. Қазақстанның әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тарту тәжірибесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен Корей түбегінің ядролық қарусыздануына да қатысты жағдайды реттеу үшін үлгі болатыны атап өтілді.

Екі тарап өңірлік форматта жемісті өзара әрекеттестіктің маңыздылығын, сондай-ақ Ауғанстанның тұрақтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан және Орталық Азияның АҚШ-пен және басқа әріптестермен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына, сондай-ақ Астанада өтуге жоспарланған «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсарту» жөніндегі Өңірлік конференциясына назар аударды.

Қазақстанның сыртқы істер министрі мемлекеттік хатшы М. Помпеоның Қазақстанға ыңғайлы уақытта сапар жасауы жөніндегі өзінің шақыруын растады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз