Мемлекет басшысы Жапония халқына көңіл айтты

0
91

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы табиғат апатының салдарынан 100-ге  жуық адамның көз жұмуына байланысты Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айтты.

«Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.


Айта кетейік, Жапонияның орталық және оңтүстік-батыс аймақтарында бірнеше күн қатарынан жауған жаңбырдың салдарынан көптеген елді мекендер су тасқынынан зардап шегуде. Елде табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті. Тағы елуден астам адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз