Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжановты пара алу үстінде ұстады.
“Ол Әкімдік аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ұйым есебінен ақша қаражатын кедергісіз аудару үшін келісім-шарт ұйымының басшысынан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді”, – деп хабарлайды Ұлттық бюро баспасөз қызметі.
Жемқорлық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Бұған дейін Р. Қайыпжанов ОҚО, Сарыағаш ауданындағы Ақжар ауылының әкімі қызметін атқарған еді. Ордабасы ауданының әкімі лауазымына тағайындалмас бұрын, ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.