АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеді.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй басшысы Иран ядролық мәмілесін мағынасыз болғандықтан тәрк еткендігін алға тартып, Иран басшылығы бәрібір де келіссөздер үстеліне жайғаса алатындығын атады.
Ал өз кезегінде Иран Трамптың бастамасына АҚШ басшылығымен кездесу үшін Иранмен жасалған ядролық мәмілені орындайтындарына кепілдік беруі қажет деп жауап қайырды. Бұл туралы 30 шілдеде Иран басшысының кеңесшісі Хамид Әбуталеби өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.
Бұған дейін АҚШ басшысы мен Иран басшысы өзара кикілжіңге келген еді. Д. Трамп өзінің Twitter парақшасында оқиға әрі қарай ушыға беретін болса, Иран ірі мәселелерге ұрынады деп сес көрсеткен еді.
To Iranian President Rouhani: NEVER, EVER THREATEN THE UNITED STATES AGAIN OR YOU WILL SUFFER CONSEQUENCES THE LIKES OF WHICH FEW THROUGHOUT HISTORY HAVE EVER SUFFERED BEFORE. WE ARE NO LONGER A COUNTRY THAT WILL STAND FOR YOUR DEMENTED WORDS OF VIOLENCE & DEATH. BE CAUTIOUS!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) July 23, 2018