Оқи отырыңыз: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – деректер
10-11 қазан аралығында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін” атауымен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезді өтеді. Съездге 80-нен астам шетелдік делегация қатысады.Бұл туралы 8 қазанда Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров мәлім етті.
Іс-шараға түрлі діни конфессия өкілдерінен басқа бірқатар саяси және қоғам қайраткерлері соның ішінде, Сербия президенті Александр Вучич, ЕҚЫҰ (Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Бас хатшысы Томас Гремингер, БҰҰ өркениетті альянсының Жоғары өкілі Нассир Әбдуләзиз әл-Насер сынды өкілдер қатысады. Съездің жұмысы 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – “Манифест: әлем ХХІ ғасыр жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде”, екінші бөлім – “Өзгеріп жатқан геосаясаттағы адамзаттың нығаюының жаңа мүмкіндіктері”, үшінші бөлім – “Дін және жаһандану: проблемалар мен жауаптар”, төртінші бөлім – “Діни лидерлер және саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді жеңу жолында”. Съезд жұмысының нәтижесі бойынша қорытынды декларация қабылданады, деп хабарлайды А. Смадияров.
Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съездін өткізу мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Съезд өз жұмысын алғаш рет Астанада 2003 жылы 23-24 қыркүйекте ,fcnfls. Содан бері съездін 5 отырысы өткен.
Safina Said