Өткен апта Қазақстанда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды.
Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып Ардақ Әшімбекұлы тағайындалды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімімен Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскери әскери институтын тәмамдады, 2014 жылы Қазақ-гуманитарлық заң университетін аяқтады. Мемлекеттік, халықаралық марапаттар мен құрметті атақтарға ие.
Жүргенов атындағы академияның ректоры болып Асхат Маемиров тағайындалды.
А. Маемиров 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhP), “Болашақ” стипендиясының иегері. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, 2008 жылы Сарбонна-3 университетінде білім алған, Париждегі драма өнері ұлттық консерваториясында іс-тәжірибеден өткен. 2010 жылы Ресейдегі ГИТИС театр өнері академиясының магистрін тәмамдады.
“Қазақстан Ғарыш сапары” Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы болып Азамат Батырқожа тағайындалды.
А. Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы “Тұран-Астана” университетін тәмамдайды. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоратвиті секторларда, ҚР көлік және коммуникация министрлігінде, “Қазақтелеком” АҚҚ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР білім және ғылым министрлігінде т.б қызмет етті. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін “Синергия” ғылыми-техникалық орталығының директоры болды.