Йеменде бірнеше жылдық соғыстағы ауру мен аштық салдарынан мектеп жасына дейінгі 85 мың бала қаза тапқан. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сараптамасына сілтеме келтіре отырып, Save the Children халықаралық ұйымы хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Зита Вайзе Принзо Йемендегі кикілжің азық-түліктің жетіспеушілігіне әкелгенін алға тартады. Сарапшы сондай-ақ, елді жайлаған сырқат түрлері мәселенің ушықтырған.
Құқық қорғаушылар болса, азық-түліктің жетіспеуіне Ходейда портын жабу себеп болғанын айтады. Сарапшылардың пікірінше, жақын арада оң өзгерістер болады деуге үміт жоқ.
Chatham House-тың Йеменді зерттеу бойынша жетекші кеңесшісі Питер Солсбери кикілжіңге түскен тараптар соғысты тоқтау туралы келісімге әзір, алайда: “Өкінішке орай, алдағы айларда, тіпті бір жыл бойы бұл кикілжің жалғасын таба беретініне сенімдімін”, – дейді.
Йемендегі соғыс 2014 жылы жазда басталды, қарулы оппозиция қалаларды басып алып, елордаға да табан тіреді. БҰҰ ақпарына сәйкес, тек әскери қақтығыстар салдарынан он мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмған.