Йеменде 85 мың бала қаза тапқан

0
101
дереккөзден

Йеменде бірнеше жылдық соғыстағы ауру мен аштық салдарынан мектеп жасына дейінгі 85 мың бала қаза тапқан. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сараптамасына сілтеме келтіре отырып, Save the Children халықаралық ұйымы хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Зита Вайзе Принзо Йемендегі кикілжің азық-түліктің жетіспеушілігіне әкелгенін алға тартады. Сарапшы сондай-ақ, елді жайлаған сырқат түрлері мәселенің ушықтырған.

Құқық қорғаушылар болса, азық-түліктің жетіспеуіне Ходейда портын жабу себеп болғанын айтады. Сарапшылардың пікірінше, жақын арада оң өзгерістер болады деуге үміт жоқ.

Chatham House-тың Йеменді зерттеу бойынша жетекші кеңесшісі Питер Солсбери кикілжіңге түскен тараптар соғысты тоқтау туралы келісімге әзір, алайда: “Өкінішке орай, алдағы айларда, тіпті бір жыл бойы бұл кикілжің жалғасын таба беретініне сенімдімін”, – дейді.

Йемендегі соғыс 2014 жылы  жазда басталды, қарулы оппозиция қалаларды басып алып, елордаға да табан тіреді. БҰҰ ақпарына сәйкес, тек әскери қақтығыстар салдарынан он мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмған.

 

Safina Said

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз