17 қаңтар күні Шымбұлақта мұздан тұрғызылған бар іске қосылды. Бардың ресми ашылуы 26 қаңтарға жоспарланған. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
Аталған нысан тау шаңғысы курортындағы мейрамхана алаңшасы маңында, Quad аумағындағы тау баурайында орналасқан. Оны тұрғызуға 20 тонна табиғи мұз жұмсалған.
Ice Bar жобасын ұйымдастырушы Ирина Ширмердің айтуынша, нысанды тұрғызуға елордадан шеберлер шақыртылған.
Бардың іші де, сырты да мұздан жасалған. Тіптен ішіндегі үстеліне дейін мұздан тұрғызылған. Нысанға бір уақытта 7-8 адам сыяды.
Сондай-ақ, бармен жұмысқа арнайы тігілген жылы киіммен келеді.
«Бар ішін тазалау қиын емес. Ескі қарды тазалап, орнына жаңасын төсейміз. Бұл салада мен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келемін және Шымбұлақты жақсы көретіндіктен жұмыс істеуге келістім», – дейді бармен Рашид.