“Қордай” бекеті жөндеуден өтеді

0
160
"Қордай" бекеті. Сурет: Қазақпарат

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы “Қордай” өткізу бекеті жаңғыртылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

“Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы “Қордай” өткізу бекетін жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын бастау осы жылдың соңына қарай жоспарланған”, – деді Үкімет басшысы.

Қазақпараттың хабарлауынша, Премьер-Министр қазақ-қырғыз шекарасындағы қалған алты бекеттің жөндеуді қажет етпейтіндігін, көлік құралдары мен жолаушылардың үздіксіз ары-бері өтуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз