Астанада құрылыс компаниясы қызыл жалын астында қалды

0
143

Астанада көп қабатты үйлердің құрылысы жүріп жатқан аумақта орналасқан құрылыс компаниясының екі қабатты ғимараты қызыл жалын астында қалды. Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша құтқарушылар оқиға орнын 5 минутта жеткен. 

Тілсіз жау әп сәтте-ақ ғимаратты шарпыған. Өртті сөндіруге 65 құтқарушы мен 16 техника жұмылдырылды.

Өрттің неден басталғаны әзірге белгісіз. Алдын ала берілген мәліметке сай өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Құрылыс компаниясында болған өрт 13 ақпан кешкі сағат 9:10 минут өткенда басталыпты. Өртті алауыздықтауға шамамен 1 сағат 30 минуттан аса уақыт кеткен

Компания маңындағы құрылыс жүріп жатқан көп қабатты үйлерге өрттің зияны тигені турасында мәлімет жоқ.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз