Назарбаев жастарды адал жолмен жұмыс істеуге шақырды

0
115

Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында Қазақстан жастарын еңбек ету мен алға қойған мақсаттарын орындауға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев: “Біз 9 адаммен танысып шықтық, негізінен 29 жеңімпазды тыңдауға болатын еді. Әрқайсысы өзі туралы айтты. Әрбірінің оқиғасы – бір-бір роман, толық фильм. Бұл арқылы адамды тәрбиелеуге болады. Мен әрқашан да адамның мүмкіндігі көп екендігін айтып жүремін. Бір қолсыз, бір аяқсыз жүзуден чемпион болып жатқандар бар емес пе? Немесе Никита қанша жылдан бері күн сайын 3-4 сағат жаттығады. Ал ол жас, оған би билеген ұнайды. Барлық ұлы адамдардар осындай болған”.

Сөз барысында Елбасы барлық ата-аналардан баланың мамандық таңдауы мен өмір жолында әрдайым қолдау көрсетуге шақырып, жастарға жеңіл жолмен ақша табудың пайдасыздығын ескертті.

“Балаға ғарышкер боласың, президент боласың деп айтасың. Ол болса өседі, өседі, сосын сүрінеді. Баланың қалаған мамандығына қолдау көрсету – ең маңыздысы сол деп айтқым келеді. Мен әрқашан жастарға үйді жинау ұят еместігін айтамын. Солай ма? Жұмыссыз және бақытсыз болу ұят. Мұнда сонша жұмыс бола тұра, әйелдердің өз тәнін саудалауы – масқара. Міне, жастармен кездесу алдында маған адамдарға қызмет көрсететін, бала қарау, ас дайындау және пәтер тазалау сияқты қызмет түрлерін ұсынатын компаниялар туралы айтты. Міне, бұл – жұмыс. «Жұмысты ең көп істейтін ұлт – Оңтүстік Корея. Баланы 5 жасқа дейін тәрбиелеу керек, одан кейін пайдасыз. Оны қоғам, балабақша, мектеп тәрбиелейді. Олар 5 жасқа дейін тиіспейді, ұрмайды. Ал одан кейін сөмкесін арқалап, өмір бойы таңертеңнен кешке дейін жүреді. Жапондар да, корейлер де солай жұмыс істейді және «егер сен ана университетке түсе алмасаң, нашар өмір сүретін боласың» деп айтады. Мақсатты миына сіңіріп алғаннан кейін онымен күні-түні айналысады. Солай білімді, ең көп жұмыс істейтін ұлтқа айналды. Яғни, еңбектің арқасында», – деді Президент.

“Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы” жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың бастан өткерген мысалында табысқа қалай жету керектігі, бәсекеге қабілет, прагматизм және білім идеяларын алға жылжыту.

Бұл жолғы «100 жаңа есімге» қатысуға 2388 өтінім берілген. Онлайн дауыс беру өткізіліп, оның нәтижесінде 29 адам жеңімпаз атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз