Еліміздің бірнеше өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік аумақтар жауын-шашынды болып соңы бұрқасын қарға ұласады. Кей жерлерде желдің ұйытқуы 15-23 м\с дейін күшейеді.
Еліміздің батысы аймағында ауа температурасы 2-5ºС жоғары болады.
6 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлі жел күшеюі күтіледі.
7-ші қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жадыра Аманбайқызы