25 ақпан күні Алматы уақытымен 08 сағат 33 минут 58 секундта Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі “Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы” ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 688 шақырым қашықтықта болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9,1. MPV тербелісі – 4,0. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.