Техаста апатқа ұшыраған Boeing 767 ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты

0
78

23 ақпан күні АҚШ-тың Техас штатында Boeing 767 авиалайнері апатқа ұшырап, бортындағы адамдардың барлығы қаза тапқан. Бұл туралы ХАА Atlas Air әуе компаниясының ресми сайты хабарлады.

“Atlas Air компаниясы 23 ақпан күні 3591 рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында болғандардың үшеуі де қаза тапқанын мәлімдейді”, – делінген хабарламада.

Екі моторлы Boeing 767 жүк тасымалдаушы ұшағы Майамиден (Флорида шататы) Хьюстонның (Техас штаты) Джордж Буш атындағы халықаралық әуежайына бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Федералдық авиация басқармасының мәлімдеуінше, жүк лайнері Тринити-Бэй шығанағына құлап, бөлшектеніп кеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз