Павлодар облысында пойыз жүк көлігімен соғысты

0
160

26 ақпан күні Павлодар облысы Шарбақты ауданында пойыз бен жүк көлігі соғысып бір адам зардап шекті. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД хабарлады.

“Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 9.20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта — 9.23-те барды”, — деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан. “Зардап шегуші — 1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны. Ол “Шығыс жолдары” ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы”, — деді Эльмира Темірғалиева. Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз