Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстан азаматы көз жұмды

0
260

2019 жылғы 25 ақпанда М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де аталған университеттің бесінші курс студенті 1995 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы Тамирлан Кирибаев өлі түрде табылды.

Алдын ала берілген мәліметтерге сай студент тұншығып көз жұмған.

Т. Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеу қаласының Батыс әкімшілік округы Тергеу басқармасысының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады.

26 ақпанда Қазақстанның Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады.

Қазіргі уақытта Т. Кирибаевтың туыстары Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде. Оның алдында олар университеттің басшылығымен кездесті.

Барлық қажеттi тергеу iс-шараларын, соның iшiнде сот-медициналық сараптамасын өткiзгеннен кейiн қайтыс болған студенттің денесі туыстарына берiледi.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз