Шетелдік журналистермен сұхбат барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қазақстанға келген шетелдік туристерге кеңес берді. Сұхбаттың бір бөлігі ҚР президентінің телерадио кешенінің Instagram парақшасында жарияланды.
“Бірінші кезекте біздің сеңгір тауларға баруды ұсынар едім. Иыққа рюкзак іліп, аяққа кроссовки киіп, тауға бару. Жазда бұл көрініс өте әдемі болады. Жасыл шөпті басып тұрады (турист-ред), алда шыңын қар басқан таулар. Қыста аппақ жым-жырт үнсіздікпен қауышады. Айнала ақ ұлпа қар, жылы, күн сәулесі. Әрі ол (турист-ред) түнде тауда тұрып, жұлдыздардың қаншалықты жақын екенін көрсе деймін “, – деді Н.Назарбаев.
Екіншіден, мемлекет басшысы туриске кең даланы кезіп, алып аспанға назар салуды ұсынды.
“Үшіншіден. Мен киіз үйге кіріп, ұлттық тағам бешбармақтан дәм татып, бір кесе қымыз ішер едім. Бешбармақ – бұл дәстүр. Дастарханға отырған сәтте сізге шай ұсынады, адамның асқазанын асқа дайындайды. Марко Поло Қытай империясына біздің қазақтың даласы арқылы өтіп бара жатып, мынадай жазба қалдырған: “Сағат түнгі 12-де қазақтар тамақтану үшін жантая бастады”. Себебі ол уақытта биік үстелдер жоқ, жастыққа жатады. Неге 12-де, малды қоралап, сауғанша біріз уақыт өтеді. Сосын барлығы туралы өлшемді бір әңгіме өрбиді. Жаман өмір емес негізі. Өркениеттің бар күйзелісінен алшақ”, – деп атап өтті Н.Назарбаев.
Төртіншіден, мемлекет басшысы шетелдік туристерге атқа мініп, кең даланы шарлауды ұсынды.
Safina Said