Үкімет басшысы “Нұр Әлем” Болашақ музейін” аралап көрді

0
98
ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізу аумағындағы сферада орналасқан «Нұр Әлем» Болашақ музейі» туристік аймағын аралап көрді деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Аралау барысында Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» нысандарының көрмеден кейін пайдаланылуымен танысты. «Болашақ музейі» қабаттарында цифрлық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқылы энергияның негізгі түрлері — ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиясы көрсетілген.

Атап өтерлігі, «Экспо-2017» нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасына сәйкес «Нұр Әлем» павильоны, тақырыптық павильондар және үздік практикалар аймағы музей кешендері ретінде жұмыс жасайды. Конгресс орталық, энергия холы, арт орталық және коммерциялық павильондар көрме холдары, концерт залдары ретінде өзінің мақсатты тағайындамасын сақтап қалады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз