Сингапурлық компания Қазақстанда бидай өңдеу зауытын іске қосуға көмектеседі

0
496
Бидай. Көрнекі сурет.

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысында бидай өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады. 

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жобаны Kazmeal жүзеге асырады. Шетелдік серіктес сингапурлық Panasia Impex PTE. Ltd компаниясы.

“Зауыт 2019 жылдың І жартыжылдығына дейін іске қосылады. Кәсіпорын жылына 360 мың тонна өнім көлемінде құрама жем өндіру үшін 4-сыныпты бидай (85%) және рапс дәмін (15%) өңдеуді жоспарлап отыр”, – деп түсіндірді ведомство.

Дайын өнім толық көлемде Қытайға экспортталады. 76 адам жұмыспен қамтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз