Асқар Мамин Алматыға келді

0
81
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыда. Сурет: primeminister.kz

30 наурыз күні Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.

“2019 жылғы 29 наурызда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында индустриялық кәсіпорындарға, көлік инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына барып, Алматы өңірінің турбизнес өкілдерімен кездесу өткізді”, – делінген хабарламада.

Алматыда ҚР Премьер-Министрі Алматы өңірінің туристік тау кластерінің перспективалық нысандарын ұшып аралады, сонымен қатар оны дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік бизнес-қауым өкілдері қатысты.

А. Мамин “Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы” ЖШС киім шығару фабрикасына және қаланың индустриялық аймағының бірқатар кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Tokyo Rope Manufacturing корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіру зауытын көрді, жеңіл автокөлік өндіретін “Hyndai Trans Kazakhstan” зауытының құрылыс алаңдарында болды, сондай-ақ диаметрі 300 мм-ден 900 мм-ге дейін үлкен болат дәнекерлі құбырлар өндірісі жолға қойылатын Asia Steel Pipe кәсіпорнына барды. Зауыт жыл сайын мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау және тау-кен өндірісі, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдалану үшін 100 мың тоннаға дейін құбыр жеткізетін болады. Жұмыс сапары электр автобустарын құрастыратын “Falcon Eurobus” ЖШС зауытында жалғасын тапты. Мұнда ҚР Премьер-Министріне үшінші буынның электр автобустарының модельдері көрсетілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз