5 сәуір, жұма күні Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, Мәртөк жамағатының қуанышын бөлісті. “Мешіт – имандылықтың ордасы. Дін – тұрақтылық мен татулықтың кепілі. Бүгінгі ашылған Алла үйі осы мақсатта халыққа қызмет етеді деп сенеміз. Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын!”, – деп өзінің игі тілегін білдірді.
Салтанатты шара соңында мешітке келген барша жұртшылыққа арнайы ас берілді.
Мешіт ашылуына “Музарт” тобының әншілері де қатысты. С.Майғазиев жаңа мешіттің алғашқы азанын шақырып, өкіл имам Төлеби Дәділұлы жұма намазын жүргізді.
Айта кетейік, бүгінде Ақтөбеде 68 мешіт бар. Жамағаттың өтініші бойынша Ақтөбе қаласынан тағы да 4 мешіт салуға жер бөлінген. Ақтөбедегі барлық мешіттерді жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар салған.