6 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының twitter парақшасында жарияланды.
Направил телеграмму соболезнования Президенту России Владимиру Путину в связи с трагедией в московском аэропорту Шереметьево. Разделяю боль утраты с родными и близкими погибших.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) May 6, 2019
Еске салайық, Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан “Аэрофлоттың” Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшқаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. Шереметьево ұшағының бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.