Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

0
89
Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы апат.

6 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының twitter парақшасында жарияланды. 

Еске салайық, Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан “Аэрофлоттың” Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшқаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан.  Шереметьево ұшағының бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз