Рамазан айының ортасы 17 мамыр күні Алматы қаласы Орталық мешітінде қайырымды жандар 500 адамға ауызашар берді және көп балалы анаға үйдің кілтін табыстады.
Кешкі ауызашар уақытында тарту етілген бұл сыйлыққа жиналған жамағат та ерекше әсерленді.
Қайырымды жандардың шарапатына бөленген алты баланың анасы жақсы іске атсалысқан баршаға алғыс білдіріп, Алланың разылығын тіледі.
Дәл сол күні тағы бір көпбалалы ана баспаналы болды. Қайырымды жан Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлынан Орталық мешіттің тіркеуінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тізімін алып, ішінен бес баласы бар жалғыз басты анаға үш бөлмелі үй тосын сый ретінде тарту етті.
Осы ретте өкіл имам сөз алып қасиетті рамазан – қайырымдылықтың айы екенін, бұл айда біздің көптеп сауапты амалдар жасап қалуға асығуымыз керек екенін айтты.