Тоқаев Ақтөбедегі бірқатар кешендерді аралады

0
80
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жасаған мемлекеттік сапары барысында Ақтөбе қаласының Индустриялды аймағының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Мемлекет басшысына керамогранит пен керамикалық плиткалар шығаратын «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытының құрылысы жөнінде мәлімет берілді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны 9,2 миллиард теңге.

Қазақстан президентіне Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, өнеркәсіптің жаңғыртылуы, шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы ірі өндіріс нысандары, соның ішінде мұнай өндіретін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының және жел электрі станциясының құрылысымен айналысатын «ARM WIND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшыларына арналған сөзінде еңбеккерлердің жалақысын жыл сайын өсіру және сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердегі Қазақстанның үлесін арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін ірі кәсіпорындардың айналасында белдеу құрудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан президенті облыс басшылығына өңірге инвестиция тарту бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды.

Бұдан өзге Тоқаев  жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді.

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерін көрді және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы  Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында болды.

Ақорда

Мемлекет басшысына Қазақстан металлургиясы көшбасшыларының бірі саналатын зауыттың технологиялық үдерісі мен өндірістік көрсеткіштері көрсетілді.

Қазақстан президентіне «халық бақылауы» жобасы таныстырылды. Бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасың сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

– Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз