Атыраудан Ресейге баратын жол кеңейтіледі

0
337
Көрнекі сурет.

Ақтөбе облысында ұзындығы 319 шақырым “Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)” республикалық маңызы бар автожол учаскесі қайта жаңартылып жатыр. Бұл туралы ATPress.kz хабарлады.

Орталық Азияны Еуропамен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен жалғайтын халықаралық дәліз болып саналады.

Жаңартылғаннан кейін жолдың ені 9 метрге дейін кеңейтіліп, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 шақырым дейін рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады. “Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)” автожолын жөндеу жұмыстары 7 учаскеге бөлінген. Қазір оның 1 учаскесінде жұмыс аяқталды, қалған ұзындығы 230 шақырым болатын 4 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда.

160-220 шақырым, 236-275 шақырым, 275-330 шақырым учаскелерін қайта жаңартуға халықаралық қаржы институттарынан, оның ішінде Азия даму банкінен қаражат тартылды. Қалған 11-52 шақырым, 52-100 шақырым (Ақтөбе-Қандыағаш) учаскесі бойынша жобаға сәйкес жолды ІІІ-ші техникалық санаттан төрт жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа ауыстыру туралы техникалық шешім қабылданған болатын.

Бүгінде мердігер компанияны таңдау үшін конкурстық құжаттама әзірленіп жатыр. Халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартудың арқасында Қазақстанның Қытай, Ресей және Батыс Еуропа елдері арасындағы транзиттік ағынның және тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз