Қазақстанда түрмеде отырғандар киімінің түсі өзгереді

0
132
Сурет: kazgazeta.kz

Қазақстанда сотталғандар киетін форма өзгереді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде PRI халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова айтты.

Оның айтуынша, бұдан былай сотталғандар формасының түсі ашығырақ болады.

Қазір форманың түсі күңгірт екенін білеміз. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде ыстық уақытта ондай киімді кию қиын. Қазір киім түсін ашығыраққа ауыстыру туралы тиісті шешім қабылданып, тіркеуге алынды, қол қойылды. Бастапқыда заңнаманың өзінде киім түсі көрсетілмеген еді. Басында киім тек кіршең болмауы керек деп таңдалған. Енді киім түсі өзгереді. Ашық түске ауысады, – деді Жанна Назарова.

Халықаралық түрме реформасы өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта сотталғандар мен олардың туыстарының пікірін ескеру туралы бастама бар. Сонымен бірге тергеу изоляторларында да сауалнама жүргізіледі. Қазір Назарбаев Университетімен бірге уақытша ұстау изоляторларында сауалнама жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз