Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты. Бұл туралы India Today басылымы хабарлады.
Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған. Тасқыннан туындаған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес.
Kerala: Death toll in flood-related incidents rises to 121. 40 people injured, 21 still missing. #KeralaFloods pic.twitter.com/FchLlaiG98
— ANI (@ANI) August 19, 2019
Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен. Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.