Ректорларды конкурс арқылы тағайындаудың артықшылығы қандай?

0
77
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізуге болатындығын түсіндіріп берді. 

 “Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз? Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады. Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді. Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған “Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары” жобаларын қарастырады. Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік – деп жазады министр Facebook-тегі парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз