Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

0
227

Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты. Бұл туралы India Today басылымы хабарлады.

Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған. Тасқыннан туындаған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес.

Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен. Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз