4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметі хабарлады.
Конгресс-орталықта өтіп жатқан форумда “Азия әдебиетінің жауһарлары” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.
Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.
Азия елдері қаламгерлерінің І форумында 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосты.