Ариадна мекемесі көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

0
253

Атырау қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысатын Ариадна мекемесі көпбалалы отбасыға қос бірдей үйдің кілтін табыстады.

Баспаналы болып жатырған Серік Шакиев Ариадна мекемесінің жұмысшысы. Осы уақытқа дейін қала маңындағы Теңдік ауылында саяжайда пәтер жалдап келген. Нұрсая ықшам ауданында орналасқан баспананың жалпы аумағы (2+1 бөлмелі) 180 шаршы метр.

Мекеме басшыларының айтуларынша Серік білікті маман, ал бұл өз кезегінде компанияның нарықта ойып тұрып орын алуына мүмкіндік беретін критерийлердің бірі. Сондықтан олардың жағдайын жасап, қызметте ынталандыру басшылықтың міндеті.

Махмут мирзоев Ариадна компаниясы бас директорының орынбасары:

“Екі пәтердің кілтін бір отбасыға салтанатты түрде табыстап жатырмыз. Білікті маман алты баланың әкесі. Серік Шакиев компаниямызда бірнеше жылдан бері жұмыс  жасайды. Бұл отбасын бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймыз. Сондай- ақ біздің компанияның жас мамандарына өз тәжірибесімен бөлісіп олардың да үлгілі, мықты болып шығуларына ықпал етеді деген сенімдеміз”.

Серік Шакиев: “Үлкен кең үй. Біздің отбасымызға ұнады. Ариадна компаниясына рахметімді айтамын”.

Құрылыс монтаж жұмыстарымен айналысатын Ариадна теңіз шевройл компаниясына мердігер мекеме. Құрылғанына 25 жыл болған. Компания басшыларының сөзінше мұндай үлгі боларлық қайырымдылық істі олар дәстүрге айналдырмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз