14 қыркүйек түнде Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ға дрондар шабуылдады. Апат салдарынан мұнай өндіру 50 пайызға қысқарған.
Желіде дрон шабуылынан кейін космостан түсірілген бейнелер жарияланды. Оқиғаның қалай болғаны суреттерде көрсетілген. 2019 жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ үкіметі тарапынан түсірілген суреттерді, Associated Press жариялады.
Йемендік ереуілші хуситтер шабуылды ұшу аппараттарының көмегімен жасағанын мойындады. Алайда, 15 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының мұнай өндірісіне жасалған дрон шабуылына Иранды айыптаған.
Tehran is behind nearly 100 attacks on Saudi Arabia while Rouhani and Zarif pretend to engage in diplomacy. Amid all the calls for de-escalation, Iran has now launched an unprecedented attack on the world’s energy supply. There is no evidence the attacks came from Yemen.
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) September 14, 2019
Сауд Арабиясының Энергетика министрінің айтуынша, “террорлық шабуыл” ілеспе газ өндіруді тәулігіне 56,6 млрд. текше метрге азайтқан. Бұл көлем 700 мың баррельге жуық сұйытылған газды өндіру үшін пайдаланылады. Этан мен сұйытылған табиғи газдың жеткізілуін шамамен 50% -ға төмендетеді.