ҚМДБ: “Natige” мен “Balmuzz” өнімдері тексерілді

0
366
photo: picgra.com

Қарағанды облысында орналасқан “Нәтиже” сүт фабрикасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын табыстады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бір айға созылған тексеріс жұмыстары нәтижесінде сүт өнімдерінің құрамы, кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығы тексерілді. Өндіріс басқарушысы, мастер-технолог пен зертхана мамандарына халал мен харам жөнінде оқыту семинар-тренингі өткізілді.

“Нәтиже” сүт фабрикасы 1999 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 216 қызметкер жұмыс істейді. Кәсіпорынның Көкшетау қаласында екі зауыты орналасқан. Сондай-ақ, Жезқазған, Екібастұз және Нұр-Сұлтан қалаларында зауыттың сауда бөлімшелері жұмыс істейді.

Қарағанды облысында орналасқан басты зауыттың жалпы аумағы 2740 шаршы метрді алып жатыр. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 86 тонналы өндірісті құрайды. Тәулігіне 50-55 тонна шикізатты өңдеп, 45-50 тонна дайын өнімдерді шығарады. Зауыт сүт түрлерінің 2,5-3,2%-ды сүт, айран, түрік айраны, йогурт, сары май, сүзбелі өнімдер, балмұздақ өндіреді. Көкшетау қаласында орналасқан Нәтиже сүт фабрикасы тәулігіне 5-6 тонна сүт және 0,5 тонна ірімшік өнімдерін шығарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз