Қарағанды облысында 270 мың тонна картоп жиналды

0
123
Photo: karaganda-region.gov.kz

Биыл Қарағанды облысының алқаптарынан 270 мың тонна картоп жиналды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары болған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірдің тұрақтандыру қорына картоптың 2100 тоннасы жөнелтіледі екен.  Абай ауданындағы “Шанс” шаруа қожалығы қорға 500 тонна картоп береді.

“Шанс” – Қарағанды облысындағы ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорны. Мұнда картоп, дәнді және жемдік дақылдар өсіріліп, мал ұстайды. Астық Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтанға жеткізіледі.

Елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға “Топар жылыжайлары” ЖШС да үлес қосады. Жыл сайын өз өнімінің үштен бірін Астанаға жөнелтеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында елордаға 800 тонна қияр, қызанақ және бұрыш секілді көкөністер жеткізілген.

“Топар жылыжайлары” ЖШС Қазақстанда 20 гектар жабық топырақ алаңына ие. Өнімнің негізгі бөлігі – қияр мен қызанақ. Бұл жерде лимон, апельсин және эксперимент ретінде гуава, папайя, анар және құрма өсіріледі.

Осы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін жиналған өнімінің жалпы салмағы 3 663 мың тоннаны құраған.

“Қияр өсетін жаңа жабық кешеннің бір бөлігі жарықтандырылмаған, электр желілерінің қуаты жетіспейді. Бұл өнімділікке тікелей әсер етеді. Егер қазір шаршы метрден 43 тонна жинайтын болсақ, онда жарықтандыру арқылы 100 тонна жинайтын болар едік”,– деді кәсіпорын директоры Сұлтан Мүрсәлімов жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке.

Сонымен қатар, жылыжайдың бір бөлігі жаңғырту мен кеңейтуді қажет етеді. Бұл жерде экзотикалық жемістер өсіруге мүмкіндік бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз